СҚО әкімі барлық мектептерді Wi-fi желісіне қосуды тапсырды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде мектептердi интернетпен қамтамасыз ету мәселесi талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақ әкімдігінен мәлім еткендей, қазiр облыстағы мектептердiң 87% кең жолақты интернетке қосылған. Петропавл мен аудан орталықтарында бұл көрсеткiш - 100%, ауыл мектептерiнде 85% құрайды. Жыл соңына дейiн тағы 41 мектепке ғаламтор жетедi. Сөйтiп, жыл соңында мектептердiң 94% кең жолақты интернетке қосылса, интернетпен қамтасыз ету 100% жетедi. Дегенмен, өңір басшысы облыстағы мектептердiң тек 70% ғана Wi-fi желiсiне қосылғанын атап өтті.
«Интернет бар, Wi-fi жоқ. Бұл да қиындықтар туғызады. Әсiресе, үлкен мектептерге. Қызылжар ауданында барлық мектептер интернетке қосылған, алайда Wi-fi желiсiне тек 25% ғана. Аудан әкiмдерi келесi жылы бұл бағытқа бюджеттен қаражат қарастырсын», - дедi Құмар Ақсақалов.
Аймақ әкімі бұл мәселенi облыстық бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмоваға өз бақылауына алуды тапсырды.
Айта кету керек, жыл соңында солтүстiкқазақстандық оқушылардың 95% «Күнделiк.KZ» бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде жұмыс iстей алады. Қала мектептерiнде «SMART балабақша» және «SMART мектеп» пилоттық жобалары жүзеге асырылуда.