СҚО әкімі халықпен есептік кездесулердің нәтижесін шығарды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өткен отырыс барысында тұрғындар алдындағы есептiк кездесулердiң қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО әкімдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов аудандар мен округ әкiмдерiне тұрғындарға мәселелер бойынша тұщымды жауап берiп, түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге тапсырма бердi.
Өңiр басшысының айтуынша, тұрғындар қажет ақпаратты толық көлемде ала алмай отыр.
«Жалпы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жергiлiктi атқарушы билiк тарапына келген өтiнiштердiң азайғанын көрiп отырмыз. Облыстан орталық аппаратқа, соттарға, сондай-ақ аудандардан облысқа келiп түскен өтiнiштердiң азаюы байқалады. Дегенмен, тұрғындарға бар мән-жайды түсiндiру керек. Ол мәселе бiр, екi немесе үш жылда шешiлуi мүмкiн. Тұрғындар жергiлiктi билiктiң бұл мәселелермен айналысып жатқаны туралы бар ақпаратты алулары қажет», - дедi ол.
Облыста биыл 622 есептiк кездесу өтiп, 2 мыңға жуық өтiнiш пен ұсыныс келiп түстi. Тұрғындарды негiзiнен абаттандыру, жолдарды жөндеу, ауыз су және әлеуметтiк нысандарды салу мәселелерi толғандырады. 675 сұрақ немесе 34% бақылауға алынды. 1326 сауал кездесу барысында шешiлдi.
Өңір әкiмi ең алдымен, халық көп тұратын елдi мекендердiң мәселелерi шешілетінін айтты.
«Бiзде үш жылдық бюджет бекiтiлген. Мысалы, көп қаржы жолдарды жөндеуге қарастырылған. Барлығын есептей келе, бiз адамдар қай жерде көп тұрады, сол жерге қаражат бағыттауды шештiк», - дедi Қ.Ақсақалов.