СҚО әкімі көмірге қатысты қолдан шу шығармауды тапсырды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев өңір қазандықтарының 84 пайызы қыс маусымына дайын екенін хабарлады. Білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары 71 және 83 пайызға сәйкесінше әзір болып шықты. Бюджеттік ұйымдарға арналған көмір сатып алынып, теміржол стансаларына жеткізілген. А. Федяевтің айтуынша, кейбір аудандар көмірді шығаруға асығар емес, бұл халыққа қажет көмірді түсіру кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін.
«Алдағы жылыту маусымында халыққа 364 мың тонна көмір қажет, олардың 80 мың тоннасы немесе 22% дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың тығырықты жерлерінде 45 мың тонна көмір қоры бар. Оның 9 мыңы - Петропавлда. Тығырықты жерлердегі көмір жөніндегі ақпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының сайтында көрсетілген. Ондағы мағлұматттар апта сайын жаңартылып отырады», - деді облыс әкімі.
Шенеуніктер облыс халқы қазірден бастап қыс маусымына отын әзірлей беруі керек деген пікірде.
«Өткен жылы өңір халқының дүрлігуін алақол жеткізушілер пайдаланып кетті де, көмір бағасын көтере бастады. Сөйтіп бұл іске тікелей араласуымызға тура келді. Петропавл мен аудандар мәселені күнделікті бақылап, кім қанша жеткізгенінен хабар беріп отыруы керек. Көмір жетіспей жатқан жағдайда бағасы да дереу шарықтап кетеді. Мұның қажеті қанша? Одан кейін тығырықты жерлердің иелеріне, разрездердің басшыларына барудың қажеті не? Ел дүрліккеннен біреу пайда көреді. Көмір құны жөнінде күнделікті хабар беріп, халықты ескертіп отыру керек», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Өңірде көмірдің 1 тоннасының құны - 7 мың теңгеден бастап 16 мың теңгеге дейін.