СҚО әкімі мембағдарламамен салынған үйлердің сапасына баға берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Береке шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің біріне барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Орал көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйді маусым айында қолданысқа берген. Жергілікті атқарушы органда жұмыс істейтін кезектегі адамдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына 100 пәтер берілген.

Құмар Ақсақалов бірнеше пәтерді аралап, ішкі әрлеуіне баға беріп, тұрғындармен сөйлесті. «Зерттеу СК» ЖШС мердігер ұйымының директоры Дмитрий Женченконың айтуынша, тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Оның құрылысы белгіленген мерзімде аяқталған, сапасы да жоғары.

Бұл компанияның Петропавлда салған екінші тұрғын үйі. «Екі-үш бөлмелі пәтерлер стандартты түрде жобаланған. Ең үлкен көлемі - 64 текше метрді құрайды. Біз енді дамып келе жатқан жас компаниямыз. Өңірде табысты жұмыс істейміз деп ниеттенеміз», - деді Дмитрий Женченко.

Биыл облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы аумағы 117,3 мың текше метрді құрайтын 1446 пәтерлік 16 тұрғын үй салынады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram