СҚО әкімі Петропавлдағы көктемгі су тасқыны салдарын жою жайымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары кезiнде Мамлют жолынан 2-шi Заречный көшесiне дейiнгi жолдың жөндеу жұмысымен танысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

СҚО әкімі Петропавлдағы көктемгі су тасқыны салдарын жою жайымен танысты

Жұмысты «Дорожник Ашық Аспан» ЖШС жүргiзген, құны 53,5 млн теңгенi құрады.

Бұл қаражатқа 13,5 мың шаршы метр аумақты құрайтын 2,2 км қашықтыққа төселген асфальтты-бетонды жабынды қайта қалпына келтiрiлдi.

Бүгiнде 2-шi Заречный көшесiнде, «Заречный» кентiне су торабынан кiреберiс жолға орташа деңгейдегi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Жергiлiктi тұрғындар, сондай-ақ «Искра» және «Весна» саяжай бiрлестiктерiнiң өкiлдерi өңiр басшысына жүргiзiлген жұмыс үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

«Сiзге бiздiң аумаққа аббатандыру, жөндеу жұмыстарын жүргiзгенi үшiн алғысымды бiлдiремiн. Осы жұмыстарды жүргiзуге атсалысқан барлық адамдарға үлкен рақмет. Бiз өте қуаныштымыз. Барлығы әдемi, ыңғайлы жасалған, ендi бұл жолмен жүру бiр ғанибет», - дедi «Весна» саяжай бiрлестiгiнiң төрағасы Виктор Халин.

Өз кезегiнде Ерiк Сұлтанов жергiлiктi тұрғындармен әңгiмелесу барысында тасқын салдарын жою жұмыстары қаланың өзге де аудандарында жалғасатынын атап өттi.

«Үкiмет резервiнен 1 миллиард 300 миллион теңге бөлiндi. Осы қаражатқа Тері зауыты шағын ауданында су деңгейiнiң көтерiлуiн болдырмау үшiн судан қорғайтын бөгеттi қайта салу жұмыстарын жүргiзу жоспарланған», - деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Тасымалдаушылардың атынан «СҚО Автокөлiк одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова өңiр басшысына алғысын жеткiздi: «Қала бойынша бүгiнде көптеген жолдар жөнделдi. Бiз, тасымалдаушылар, оны байқап жүрмiз. Өйткенi бiздiң көлiк құралдарымыздың түгелдiгi мен амандығы жол сапасына байланысты».

Жолдардың жай-күйiмен танысқан соң Ерiк Сұлтанов мердiгер ұйымның басшысына ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн жаяужолдың енi 2 метрден кем болмауын тапсырды.

Бұдан бөлек, Заречный кентiнде «Коммуншар-Петропавл» ЖШС апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесу, ақтау, сирету, сондай-ақ ауыл көшелерiн тазарту, шөптердi шабу, көпiрдi бояу жұмыстарын жүргiзген. Сондай-ақ, «Дорсигнал» кәсiпорынының қызметкерлерi жол белгiлерiн қалпына келтiрген. Абаттандыру жұмыстары аялдамаларда да жүргiзiлген. Ондағы автобус нөмiрi мен жүру уақытының қашықтығы көрсетiлген кестелер қайта жаңартылған.