СҚО әкімі түнде хоккей ойнап жүр

ТХЛ-ға мемлекеттік қызметкерлерден, бизнесмендерден және кәсіпорындардың қызметкерлерінен құралған әуесқой командалар қатысады. «Көрермендер нағыз қызықты ойындарды тамашалайтынына сенімдімін. Хоккейшілерге жақсы ойын, айтулы жеңістер тілеймін», - деді Құмар Ақсақалов.
«Қызылжар» - «Сокол» кездесуінде айдын иелері сапында өңір басшысының өзі де өнер көрсетті. Жылдам әрі сапалы ойын өрнегін көрсеткен «Қызылжар» хоккейшілері 7-1 есебімен жеңіске жетті, ал Құмар Ақсақалов дубль авторы атанды.
«Хоккей ойнауды мектепте оқып жүрген кезден бастағанмын. Ол маған үнемі формада болып, күресуге қайрат береді. Біз түнгі хоккей лигасына көп уақыт дайындалдық. Тынымсыз жаттығу жасадық. Қарсыластарымыздың бәрі де өзіміз сияқты әуесқойлар», - деді СҚО әкімі.
Түнгі хоккей лигасында 8 команда желтоқсанның орталарына дейін күш сынасады.