СҚО әкiмi жөнделетін мектептерді аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған бiрқатар бiлiм беру мекемелерiнде болды. Мектептердi аралау Бiрiншi қалалық гимназиядан басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 СҚО әкiмi жөнделетін мектептерді аралады

Мектеп ғимараты 1964 жылы салынған, содан берi күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлмеген. Оны жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 10 млн теңге қаржы бөлiнген.

«74 терезенi алмастыру қажет, - дедi Бiрiншi гимназия директоры Наталья Букатова, - және жылу тарату құбыры жоғарыда орналасқан соң бiрiншi қабат ылғи суық болатын».

Бұдан басқа гимназияға шатырды ауыстыру, су құбырын, санитарлық торап пен кабинеттердi жаңарту жұмыстарына 6 млн теңге бөлiндi. Жөндеу жұмыстарын оқу жылы мен сынақ кезең аяқталған соң маусымның 5-6-ы бастау жоспарланған.

Күрделi жөндеу жұмыстары «БЭСТ» гимназиясында да жүргiзiледi. 137 терезе ауыстырылады, бұл мақсаттарға 23 млн теңге, ал санитарлық торапты ауыстыруға 6 млн теңге бөлiнген.

Мүмкiндiгi шектеулi балаларға білім беруге мамандандырылған №1 мектеп-интернатының шатырын алмастыру жұмыстарына құрылысшылар жақын арада кiрiспек. Сабақ беру кабинеттерi де жаңартылады. Қаржыландыру көлемi - 14 млн теңге.

Жұмыс сапарының соңында Ерiк Сұлтанов бiлiм беру, денсаулық сақтау мен мәдениет саласындағы нысандарға күрделi жөндеу жұмыстары 2015 жылға қарағанда екi есе артқандығы, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржы бөлiнгендiгiн айтты.

«Биыл 105 қазандық жаңасына ауыстырылады. Бұл оқу орындарындағы қалыпты температураны сақтау үшiн жасалады. Өткен оқу жылында жаңа қазандықтар қойылғаннан соң, мектептер жылы болды. Бұл жұмыс мiндеттi түрде жасалады», - дедi өңiр басшысы. - Барлық жұмыстарды сапалы және жақсы деңгейде жасау үшiн осы үш айды тиiмдi пайдалану қажет».

Биыл облыс орталығының 19 мектебiне жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, бұл мақсатқа 200 млн теңгеден астам қаражат бөлiнген.

Жалпы облыс бойынша саласының 59 бiлiм беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Қаржыландыру көлемi өңiрiмiз үшiн рекордтық сома 1,28 млрд теңгенi құрап отыр.