СҚО әкімінің орынбасары болып Қанат Дүзелбаев тағайындалды

Тағайындау
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Қанат Дүзелбаев тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған, - деп хабарлайды Kazinform.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған, бұрынғы Торғай облысының тумасы. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген. Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 1991 жылы Торғай облысы, Қима ауданы, Қима ауылындағы "Қима" астық кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады.

1995-1998 жылдары аралығында бірнеше банк филиалында экономист, кассир-инкасатор қызметтерін атқарды.

1998-2006 жылдары - Ақмола облысы, Жақсы ауданы Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің аға қазынашысы, төлемдерді есепке алу және есептерді жасау секторының меңгерушісі, бөлімі бастығының орынбасары болды.

2006-2013 жылдары Ақмола облысы, Жақсы ауданында "Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ және "Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басқарды.

2013-2018 жылдары - Көкшетау қаласы, "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысының орынбасары және 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысы лауазымында болды.

СҚО әкімінің жаңа орынбасары стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджетті дамыту және бюджетаралық қатынастар;
- салық саясаты;
- коммуналдық меншік және жекешелендіру;
- Мемлекеттік сатып алу;
- көші-қон, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары бойынша жетекшілік ететін болады.

Соңғы жаңалықтар