СҚО: ауылдағы екі қабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM - СҚО Петерфельд ауылындағы 2-қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Жедел келген № 2 және 13 ӨСБ өрт сөндірушілері 3 иінді сатының көмегімен үйдің екінші қабатынан 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД-дан 15-ке жуық адам мен 2 техника қатысты.

Өрттің себебі - 1,5 ш.м. аумақтағы қысқа тұйықталу.

Соңғы жаңалықтар