СҚО ауылында 240 млн теңгеге спорт кешені салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында «Зенченко и К» командиттiк серiктестiгiнiң жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешенi ашылды.
Нысанды ашу салтанатына облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт кешенi «Зенченко и К» коммандиттiк серiктестiгiнiң жеке қаражатына салынды. Құрылыс пен жабдықтардың құны 240 млн. теңге. Кешенде волейбол мен баскетболға арналған алаң, жаттығу залы, әдiстеме, медициналық кабинет сондай-ақ, киiм ауыстыратын бөлме, душ, бильярд залы орналасқан. Сонымен қатар, нысанда 25 метрлiк 4 жолақты бассейн бар.
«Соңғы екi жыл iшiнде бiз 192 хоккей алаңшасын, 255 футбол алаңын салдық. Бүгiн бiз Новоникольское ауылының «Зенченко и К» КС шаруашылығында спорттық орталықты ашып отырмыз. Бұл марқұм Геннадий Ивановичтiң ойы болды, оны жүзеге асырған оның ұлы - Геннадий Геннадьевич Зенченко», - дедi Ерiк Сұлтанов.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкiмi жаңа мал шаруашылығы кешенiне барды. Мұнда беларусьтiк «Инвет» ААҚ компаниясының жабдықтары орнатылған. «Зенченко и К» коммандиттiк серiктестiгiнiң директоры Геннадий Зенченконың айтуынша, жаңа нысандарды салу мал басын көбейтуге және сауын көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
«Бiз нарықты сүтпен қамтамамыз етуге тырысамыз, қазiргi кезде шикiзат жетiспеушiлiгi бар. Сұраныс артып жатыр. Бiз Петропавлға жiберiп жүрген өнiм көлемi сол қалпы, Астана қаласына жiберген өнiм көлемi де сол баяғыдай, Қорғанға да бұрынғыдай жiберiп жүрмiз. Алайда 18 тонна Астана қаласына, 12 тонна Петропавл қаласына, 6 тонна Қорған қаласына жетпейдi. Бiз тек өзiмiздiң шикiзатпен жұмыс iстеймiз. Ал шикiзат болу үшiн, мал шаруашылығын дамыту қажет. Бидай маусымдық шаруашылық, ал мал шаруашылығымен қысы-жазы айналысуға болады», - дедi БАҚ-қа берген сұхбатында Геннадий Зенченко.
