СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

абылай қазбаев
Фото: qaz-media.kz

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігінің бұйрығымен Абылай Қазбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Ведомствоның жаңа басшысын бүгін әкімдік отырысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды. 

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Абылай Сәлімгерейұлы 1965 жылы Ақтөбе облысында туған.

Алматы теміржол көлігі инженерлерінің институтын және Қазақ мемлекеттік заң университетін құрылысшы, юриспруденция мамандықтары бойынша тәмамдады.

Әр жылдары кедендік бақылау саласында басшылық қызметтер атқарған.

Ал осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып еңбек етті. 

Бұған дейін петропавлдық зауыт — «Eurasian Milk» ЖШС павлодарлық фермерлердің сүтін сатып алуға ниеттеніп отырғанын айтқан едік.  

Соңғы жаңалықтар