СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы келді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Сәкен Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәкен Жұмағалиұлы 46 жаста. Қызылорда облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Алматы қаласының Қазынашылық департаментінде, Астана қаласының Салық комитетінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы лауазымдарын атқарған. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінде басшының орынбасары және басшы болып қызмет еткен.
Осы тағайындауға дейін Сәкен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Бұдан бұрын Көшербаев Аустрияға, Тұқымов Пәкістанға елші болып тағайындалғанын жазғанбыз.