СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Сәкен Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Сәкен Қасымов1980 жылы Қызылорда облысында туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірген, есепші-экономист, заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласының қазынашылық басқармасында жетекші маман - жетекші қазынашысының міндетін атқарушы болып бастаған.
2005 жылы Алматы қаласы қазынашылық департаментінің бас маман-бас қазынашы болды.
2005-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде бас маман міндетін атқарды.
2008-2012 жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің бас сарапшысы болды.
2012-2017 жылдар аралығында ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің БҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары болып еңбек етті.
2017-2020 жылдары ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымында болды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Сәкен Қасымов Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.