СҚО бюджеті сабан жағатын қазандық арқылы 100 млн теңге үнемдейді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биомасса жағатын 73 қазандық орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің отырысында облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев мәлім етті. Оның дерегі бойынша, 73 қазандықтың бәрі жұмыс істеп тұр. Оларға 82 нысан, соның ішінде 26 бюджеттік ұйым қосылды.
Өңірде сабан жағатын қазандықты орнату жұмыстары 2015 жылы басталды. Биыл жылытудың осы түріне 70 нысан қосу жоспарлануда.
«Екі аудандағы биомассамен жұмыс істейтін төрт қазандық жөнделді. Монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр және төрт аудандағы 25 нысан қосылды. Есеп бойынша, 25 бюджеттік ұйым 14 мың тонна көмірді үнемдейді. Бұл 100 миллион теңге», - деді А.Федяев.
Өңір басшысы осы бағыттағы мүдделі құрылымдарға жұмысты күшейтуді тапсырды.
Иллюстрациялық фото