СҚО-да 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті вируспен күресте алдыңғы шепте жүрген 1 491 медицина қызметкері үстеме ақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлерге сыйақы беру жөніндегі шешімді жедел штабтар жанынан арнайы құрылған өңірлік комиссиялар қабылдайды. Комиссия құрамына әкімдік, денсаулық сақтау басқармасы, қор филиалының өкілдері кіреді. Ал қор осы комиссиялар ұсынған тізімдерге сәйкес төлемдер жүргізеді.

Жалпы ел бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін бюджеттен 35,7 млрд теңге бөлінген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалы 2020 жылдың наурыз-маусым айларында 1 491 медицина қызметкеріне 570 млн теңге үстеме ақы төледі. Медициналық қызметкерлердің басым бөлігі үшінші қауіп-қатер тобы бойынша алды. Яғни 1049 адамға 300,3 млн теңге, екінші қауіп-қатер тобы бойынша 258 медициналық қызметкерге 145,7 млн теңге төленді. Бірінші, ең жоғары тәуекел тобында жұмыс істейтін тағы 184 адам 124 млн теңге көлемінде төлем алды. Медицина қызметкерлері жұмыс істеген күндер санына байланысты алды«, - дейді қордың СҚО бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Қарлығаш Ильясова.