СҚО-да 100-ден астам мас жүргізуші жазаға тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері өңірлік жолдарда 111 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 100-ден астам мас жүргізуші жазаға тартылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас жүргізушілердің кінәсінен бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған. Мұнан бөлек, тағы алты жол апаты кезінде азаматтардың денсаулығына жеңіл-желпі зақым келген немесе материалдық шығын өтелген.

«Өткен аптада ғана Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны Subary Legacy көлігін басқарып келе жатып, қаланың орталық көшелерінің бірін жарықтандыратын нысанға зақым келтірді. Медициналық куәландыру оның ішімдікке мас күйде болғанын көрсетті. Сот шешімімен азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деп атап өтеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған фактілердің 104-і бойынша іс сотқа жіберілген.

«11 қаңтардан бастап мас жүргізушілерге қатысты заңнама қатаңдатылды. Көлік басқару құқығынан айыру мерзімі 7-ден 9 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Бұған қоса, құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты 15-тен 25 тәулікке дейін әкімшілік тұтқынға алу міндетті түрде қолданылады. Жазаның баламасы жоқ», - деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.


Олеся Жуковень