СҚО-да 135 адам алимент бойынша 146,2 млн теңге берешек
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары алимент төлеуден қасақана жалтарып жүргендерді жинап, кездесу өткізді. Жиынға мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сондай-ақ облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері де шақырылды.
СҚО-да алимент бойынша қарыз 192,6 млн теңгеге жеткен, оның 46,2 млн теңгесі қасақана борышын төлеуден қашқан 135 адамдыкі.
Кездесуде борышкерлерге қарыздан құтылу тәртібі, жұмысқа, оның ішінде арнайы орталықтар арқылы орналасу, сондай-ақ міндеттемені орындамаған жағдайда оның құқықтық салдары түсіндірілді. Борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мәселен прокурорлық қадағалау актілері бойынша 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ сот орындаушыларының алимент өндіру мәселелері бойынша жұмысы үйлестірілді, алимент бойынша қарызы барларға жұмысқа орналасу туралы хабарламалар, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу аясында шығарылған өзге де құжаттар табыс етілді.