СҚО-да 144 шаруашылық жатаған укекіренің жайылуына жол берген

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының 12 ауданында жатаған укекіреге қатысты карантин жарияланған. 144 шаруашылықтың 133,5 мың га алқабына арамшөп жайылған. 

арам шөп
Фото: www.gov.kz/

Мамандардың айтуынша, жатаған укекіре - ең зиянды және оңайлықпен жойылмайтын, барлық дақылдың шығымдылығын және жемшөп сапасын төмендететін арамшөп. Ол басқа өсімдіктерге қарағанда топырақтан 2-5 есе көп қоректік заттар мен ылғалды сіңіреді. Тамыры 3 жыл, тұқымы 5-6 жыл топырақта сақталады.

«2006 жылы 2 мың га алқапта жатаған укекіреге қарсы өңдеу жүргізілсе, қазір ол біршама қысқарған. Биыл 203 га арамшөпке қарсы химиялық өңдеу қолданылады. 
Оқшаулау және жоюға қатысты ұйғарымдарды орындамағаны үшін 1 мың 276 теңге сомасына төрт айыппұл салынды.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен байланысты егістіктерді жүйелі зерттеуді қамтамасыз етпегені үшін 15 шаруашылыққа 1 млн 828 мың теңге сомасына айыппұл салынды», - дейді СҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Шакимов.

Сондай-ақ, Ресейден әкелу кезінде 69 дерек анықталды, айыппұл сомасы 7,5 млн теңге.

Шаруашылықтарға жатаған укекіре бойынша карантиндік нысандардың ошақтарын оқшаулау және жою жөнінде барлығы 175 ұйғарым берілді.

Соңғы жаңалықтар