СҚО-да 15 педагог кәсіби мереке құрметіне шипажайларға жолдама алды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Кәсіби мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының педагогтерін өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

СҚО әкімі өзінің құттықтау сөзінде мұғалім мамандағы қашан да ерекше құрметке ие болғанын атап көрсетті.

«Мұғалімге білім үшін, кеңес алуға келетін. Мұғалім әрқашан да мәдениетті таратушы, ал мектеп - білім ошағы болды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», - деп тегін айтылмаған», - деді Е.Сұлтанов.

Өңір басшысы бүкіл өмірін мектепке арнаған ардагерлер мен отбаслық әулеттерге ерекше алғыс білдірді.

Мұғалім күні - бірнеше мыңдаған солтүстікқазақстандықтардың мерекесі. Бүгін оларға айрықша құрмет көрсстілді.

Көп жылғы жемісті еңбегі және өңірдің білім саласына қосқан қомақты үлесі үшін Ерік Сұлтанов 13 педагогқа облыс әкімінің құрмет грамотасын тапсырды, тағы 7-уі - алғысхаттарға ие болды. 15 білім саласының қызметкерлеріне шипажайларда емделуге серификаттар тапсырылды. Н.П огодин атындағы драма театрында өткен салтанатты кеште балалар әр мұғалімге гүл шоқтарын тапсырды. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне бағалаы сыйлықтар тарпсырылыд.

Салтанатты жиналыс мерекелік бағдарламамен жалғасты, ұстаздар алдында облыстық балалар шығармашылығы ұжымдары өнер көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысында 15846 педагог жұмыс жасайды, олардың 11846-сы мектеп мұғалімдері. Ағымдағы жылы облыс мектептері ұстаздарының легіне 430 жас маман қосылды. Олардың 320-сы ауылдық мектептерге аттанды.

Соңғы жаңалықтар