СҚО-да 16 жасар бала қазаншұңқырға батып, көз жұмды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Оқиға 19 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында, Бостандық ауылынан бес шақырым жерде болған.
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырға суға түскен.
— Жасөспірімнің денесін оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері тауып, судан шығарып алды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алғанын жазған едік.
Сондай-ақ 21 маусымда Петропавлдағы Пестрое көлінде ер адам суға тұншығып, көз жұмды.
Ал 24 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Есіл өзенінде, Мұқыр ауылынан шамамен 5 шақырым жерде суға батқан 16 жасар жасөспірімнің денесі табылды.