СҚО-да 161 кәсіпкерлік субъектісіне артық төленген салық сомасы қайтарылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерге мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлік субъектілерінің артық төлем жасағанын анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

салық
Фото: Kazinform

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ведомство 2022-2023 жылдар кезеңіне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға эмиссия үшін өздігінен қате есептеу салдарынан бюджетке шамамен 96 млн теңге артық төлеген. Осындай барлығы 210 жағдай анықталған. 

Тексерістен кейін ведомство IV санатқа жатқызылған объектілердің операторларына – 161 кәсіпкерлік субъектісіне 54 млн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етпек.

Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілердің операторлары 2022 жылғы қаңтардан бастап төлемнің осы түрін төлеуден босатылған.

Кәсіпкерлердің құқығын қалпына келтіру мақсатында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік кіріс органдарымен бюджетке төлемнің қате төленген сомасын қайтару немесе есепке жатқызу мәселелері бойынша кездесу өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар