СҚО-да 19 ауыл мен екі шағын қаланы электрмен жабдықтауда проблема бар

электросети
Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, боран тұрса бірнеше елді мекен жарықсыз қалады. Кей тұрғындар бірер тәулік электр қуатынсыз отыруға мәжбүр. Сала мамандарының айтуынша бұған электр жабдықтарының тозуы себеп, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде электрмен жабдықтау жүйесі 80% - дан 136% - ға дейін тозған. Ең қауіпті учаскелер барлық 8 ауданды - 19 ауыл мен екі шағын қаланы қамтиды.

"2023-2025 жылдарға 8 446,8 млн теңге инвестиция қарастырылған. Бұл электр жабдықтарының тозуын тежеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай тозу 97,3% жетпек. Жалпы жыл сайын орташа 2,3-2,6% жабдықтар тозады. Яғни 2029 жылға қарай компанияның негізгі құралдарының тозуы 105% асып кетпек. Осы кезеңге тозуды 80% дейін төмендету үшін шамамен 80,2 млрд теңге қажет", - дейді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.

«Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша, мәселені шешу үшін компанияның өз қаражаты жеткіліксіз, несиелік міндеттемелері болғандықтан екінші деңгейлі банктерден несие де ала алмайды.

"Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы" АҚ 2023 жылдың қыркүйегінде мемлекеттің және және табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын сұрап, жергілікті атқарушы органға өтініш жолдады. Нәтижесінде 20 989,489 млн теңге көлемінде инвестициялар алуға болады.

Мәселені шешу үшін 2 деңгейлі банктердің қатысуынсыз өтеусіз мемлекеттік субсидия бөлу немесе 0,01% аспайтын мөлшерлемемен мемлекеттік жеңілдікті кредиттеу. Төлем 5 жылға дейін кейінге шегеріліп, негізгі борыш пен сыйақыны тариф арқылы 30 жыл ішінде қайтаруға мүмкіндік жасалса", - дейді Анатолий Казановский.

Соңғы жаңалықтар