СҚО-да 20 шақты меморган жерасты суын заңсыз пайдаланып келген

ауыз су
Фото: Pixabay

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - СҚО-да жерасты суын рұқсатсыз өндіруге әкеп соққан жүйелі бұзушылықтар анықталды. 

Аққайың ауданы орман шаруашылығының лауазымды адамдары Су кодексінің 66-бабы талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жерасты суын рұқсатсыз өндірген.

Осыған ұқсас бұзушылықтар өзге 19 мемлекеттік органнан да анықталды (Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, «Пресновка, Булаев, Есіл» орман шаруашылықтары).

Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК  141-бабы бойынша жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартты, рұқсат құжатын алу бойынша шара  қабылданып жатыр. 

Сонымен қатар, қадағалау органы су объектілерін заңсыз басып алғаны және суды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК 141-бабы бойынша айыппұл (103 500-ден 897 000 теңгеге дейін) қарастырылғанын еске салады. 

Соңғы жаңалықтар