СҚО-да 20 шақты жол учаскесінде жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде жол жабынын сақтау мақсатында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.

СҚО жол
Фото: «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ СҚОФ баспасөз қызметі

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу бір оське 8 тоннадан артық салмақ түсетін жүк көліктеріне қатысты.

ҚР Көлік және коммуникация министрінің «ҚР республикалық маңызға ие жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарында көлік құралдарының жүруін ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес биыл V климаттық аймақта 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында, ІV климаттық аймақта 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Шектеу енгізілетін жолдар:

- М-51 «Челябі-Новосібір»;

- М-36 РФ шекара (Екатеринбург бағыты) – Алматы;

- Р-49 Петропавл қаласын айналып өтетін жол;

- А-1 «Астана-Петропавл»;

- А-12 «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» (Ишим қаласы бағыты);

- А-13 «Көкшетау-Кішкенекөл- Бидайық-РФ шекарасы» (Омбы бағыты);

- А-16 «Жезқазған- Петропавл»;

- А -21 «Мамлютка -Қостанай»;

- Р-11 «Көкшетау-Рузаевка»;

-Р-28 «Қарасай мен Ағынтай батыр мемориалдық кешеніне апаратын жол»;

- Р-58 «Булаево-Возвышенка- Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское»;

- Р- 59 «Рощинское-Корнеевка-Волошинка»;

- Р- 60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево»;

- Р- 61 «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы»;

- Р- 62 «Петропавл әуежайына апаратын жол»;

- Р – 57 «Петерфельд-Архангельское-Новокаменка-Жезқазған-Петропавл».

Бұл жолдарда қазіргі уақытта «ҚАЖсервис» ЖШС уақытша жол белгілерін орнатып жатыр. Барлығы 147 белгі орнатылады.

Соңғы жаңалықтар