СҚО-да 207 млрд теңгенің 22 меморандумына қол қойылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да «Kyzylzhar Invest 2016» халықаралық инвестициялық форум аясында 207,1 млрд теңгенің 22 меморандум мен келісім жасалды.
Солардың ішінде ең ірілері - СҚО әкімдігімен сомасы 67,1 млрд теңге авиациялық зауыттың құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда «Қазақстанның авиация зауыты» ЖСШ-мен арада жасалған ұзақ мерзімдік келісім, «Северный строитель» ЖШС-мен (Ресей) 50,3 млрд теңгенің астық тұқымдас және майлы дақылдар өңдейтін кешен құрылысы, «Айцзю» (ҚХР) компаниясымен Тайынша ауданында сомасы 13,7 млрд теңгенің агроөнеркәсіп паркін құру туралы келісімдер де бар.
«Масло-Дел Петропавловск» ЖШС-ы «Tetra Pak Kazakhstan Ltd» ЖШС-ның бас директоры Дмитрий Галишниковпен сүт зауытының өндірістік қуатын кеңейту үшін 4,5 млрд теңгенің құрылғысын жеткізу жөнінде келісімге келді.
«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «Подольский машиностроительный завод» АҚ энергетикалық машина жасау саласында сомасы 1,6 млрд теңгенің серіктестік туралы келісімін жасасты.
Еске сала кетсек, «Kyzylzhar Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумына 7 елдің өкілдері қатысты, оның ішінде Италия, Финляндия, Швеция, ҚХР және Ресей бар.