СҚО-да 264 ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жұмыс екі жылға шақталған.
СҚО әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта алты ауданда 823 шақырым байланыс желісі тартылған. Бұл биылға жоспарланған жұмыстың 55%.
Талшықты-оптикалық байланыс желісі шалғай елді мекен тұрғындарының жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек. Нәтижесінде ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға, қашықтан білім алуға, цифрлық технологияларды пайдалануға мүмкіндік алады.
Жалпы, мамандардың айтуынша, алдағы 2–3 жылда өңірде цифрландыру қарқыны күшейеді. Соның бірі - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін QazTech бірыңғай мемлекеттік технологиялық платформасына көшіру жұмысы.
QazTech - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін бірыңғай технологиялық стандарттар негізінде әзірлеуге, орналастыруға, өзара ықпалдастыруға және пайдалануға арналған платформа. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмысын үйлестіруге, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар аудандардағы IT-инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие IT-мамандарды даярлау көзделіп отыр.
Денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларды, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді цифрландыру жұмыстары да жалғасын табады.
Мәселен, 109 - бірыңғай байланыс орталығы қызметін облыс тұрғындарына қолжетімді ету жоспарланып отыр. Бұл бастама іске асқан жағдайда, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін қабылдау және тиісті қызметтермен байланыстыру мүмкіндіктері кеңеймек.
Бұған дейін цифрландыру есебінен бюджетке қосымша 410 млрд теңге түскенін жазған едік.