СҚО-да 3,1 млн тонна бидай жиналды
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл жалпы 3 млн га алқапқа астық және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Соның ішінде 2,4 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақылдар, 344,8 мың га – жем-азық, 31,9 мың ға картоп және 6,2 га көкөністер. Бірер күнде егін орағы аяқталады.
«Қазіргі уақытта өңірдің шаруашылықтары 2,9 млн га аумақтан астық және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Бұл барлық жиналуы тиіс алқаптың 99,8 %-ы. 3,1 млн тонна бидай бастырылды, әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден өнім алынды», - дейді басқарманың бас маманы Нарғыз Ақжігітова.
Ал м айлы дақылдардың жартысына жуығы жиналды.
«Майлы дақылдар 520,3 мың га алқаптан жиналды, бұл 54,3 %-ы. Әр гектардан 6 центнерден өнім алынып жатыр. Аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша 303,4 мың тонна картоп жиналды, гектар берекелілігі – 133,4 центнер, 55,7 мың тонна көкөніс алынды, әр гектардан 133,4 центнерден алынды», - дейді Нарғыз Ақжігітова.