СҚО-да 3,5 мың тұрақты донор бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 3,5 мың тұрақты донор тіркелген. Қан орталығы кез келген уақытта ауыр науқасқа қажетті қанды тауып бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 маусым - халықаралық донор күні. Бұл мереке 2005 жылдан бастап әлемнің 200 мемлекетінде тойланады. Бұл күннің таңдап алынуы бекер емес. аустриялық дәрігер Карл Ландштейнер адам қанының топтарға бөлінетіндігі жөнінде жаңалық ашып, 1930 жылы сол үшін Нобель сыйлығын алды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» СҚО-дағы филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қан донорлығы мәселесімен Облыстық қан орталығы айналысады. ӘМСҚ мен қан орталығы биыл 594 млн теңгеге келісімшартқа жасасты. Қазіргі таңда облыстың қан банкінде 68 литр қан сақтаулы, бұл - 227 доза. Қор үнемі толықтырылып отырады, материалдың сирек түрлерінің жеткілікті болуы бақыланады. Осындай шаралардың арқасында орталық кез келген уақытта ауыр науқасқа қажетті қанды тауып береді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр үшінші сырқатқа өмірінде бір рет болсын донордың қаны құйылған. Қан тапсырған адамның денсаулығына зиян келмейді, керісінше, ағзасына тиер пайдасы көп. Мамандардың айтуынша, тұрақты түрде қан тапсыру жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады, иммундық жүйе, бауыр мен асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзаны жасартады екен.

«Қан тапсыру донор үшін қауіпсіз. Оның үстіне донорлар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ-ға, В және С гепатитіне, мерезге анализдер тапсыруға, сондай-ақ өз қан тобын, резус-факторды, гемоглобин деңгейін білуге құқылы. Мұның барлығы да тегін жасалады», - дейді «ӘМСҚ» СҚОФ маманы Анна Пенькова.

Мамандардың айтуынша, ерлер жылына 5-6 рет, ал әйелдер 3-4 қан тапсыра алады. Донорлық - медициналық көмек шеңберінен әлдеқашан шығып кетті және әлеуметтік акция сипатына ие.

Соңғы жаңалықтар