СҚО-да 30 шақты жүргізуші өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 29 адам көлікті өмір бойы басқару құқығынан айырылды, олар рулге мас күйде отырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде көлік басқарғандарға сот көбіне бас бостандығын шектеуге үкім шығарады. Ал материалдық залал немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жағдайда көлік жүргізушілер бас бостандығынан айырылады. Жыл басынан облыста екі адамға осындай қатаң жаза қолданылды.

Қызылжар ауданының 29 жастағы тұрғыны «Челябі-Новосібір» тас жолында өзінің «Audi-80» көлігімен «Lada 217030» автомашинасын басып озамын деп екі жылға бас бостандығынан айырылды. Шілде айында Қызылжар ауданының 37 жастағы тағы бір тұрғыны сотталды. Ол қонаққа келген танысымен ішімдік ішкен. Кейін танысының «ВАЗ 21144» автокөлігіне отырып, аударып тастаған.

«Ішімдік ішіп жолға шыққандар адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Биыл 11 қаңтардан қылмыстың аталған түрі үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын автожүргізушілерге тағы бір рет ескерткенді жөн деп есептеймін. Енді, негізгі жазадан бөлек, қылмыскерлер автокөлік басқару құқығынан өмір бойына айырылады», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.


Соңғы жаңалықтар