СҚО-да 328 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында су қорына қарайтын жер ұзақ уақыт бос жатып, Жер кодексінің талаптары өрескел бұзылған. 

СҚО-да 328 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

СҚО прокуратурасының мәліметінше, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізіп, фактіні анықтады. Қызылжар ауданының жер пайдаланушысы кодекс талаптарына қайшы, ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 241 га су қорының жер учаскесін пайдаланбаған. Нәтижесінде кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокурорлық қадағалау актісімен заң бұзушылыққа жол бергендер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шара мемлекеттің мүддесін қалпына келтіруге және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қадағалау органы алдағы уақытта да жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өтті.

Бұған дейін Алматыда жаңа арқан жолдардың құрылысы үшін жер телімдері алынатынын жазған едік