СҚО-да «3d-Волонтер» жобасы аясында оқыту семинары өтті
СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шараға қатарға жаңадан қосылған 46 жас қатысты. Семинарға қатысушыларға ҚХА волонтерлік қозғалыс орталығының имидждік белгілері: күртешелері, логотип белгілері берілді.
«СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталығы биылғы Волонтер жылына орай бірегей жобаларды жоспарлаған. Іс-шаралар жастарды дамытуға, олардың бойында ізгі қасиеттерді дамытуға бағытталған. Шерри Андерсонның сөзімен: «Волонтерлер еңбекақыны пайдасы жоқтықтан емес, баға жетпейтін құнды болғандықтан алмайды» деп айтар едім», - дейді СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин.
СҚО ҚХА баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мен волонтермін» оқыту семинары «3d-Волонтер» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кеңестің мүшесі Мария Татаренконың айтуынша, жаңа жобаның мақсаты өңір жұртшылығы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, қатарға белсенді жастарды көптеп тарту. Жоба үш D-ның үйлесуі негізінде (development – даму) құрылған. Яғни, өзін-өзі дамыту, айналадағыларға көмек көрсету және ауқымды жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру.
Оқыту семинары үш сағатқа созылды. Жастар ұжым болып жұмыс істеуді үйреніп, волонтерлік жұмыстың алғышарттарымен танысты.
Мұндай тренингтер болашақта да ұйымдастырылады. Өйткені волонтерлер жұртпен тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істеп, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра білуі қажет.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «3d-волонтер» бірегей жобасының басты мақсаты да осы.