СҚО-да 4 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде 3860 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алды. Олардың 1731-і толық вакцинациядан өтті.
Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аумақтық басқармаларының қызметкерлері алып жатыр. Бүгінге дейін 56 маманға екпе егілген, олардың жағдайлары жақсы.
Мамандардың айтуынша, тек вакцинация арқылы ғана коронавируспен күресуге болады. Әзірге «Спутник V» вакцинасын медициналық қызметкерлер, санитария мамандары, тәртіп сақшылары мен мұғалімдер алып жатыр.
Жалпы өңірде қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 13 мыңнан асты. Тек өткен тәулікте КВИ-мен ауырған 21 жаңа жағдай тіркелді. Оның жартысында сырқаттар дәрігерлерге ауырып көрінген.