СҚО-да 400-ге жуық хоккей корты жұмыс істейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 392 хоккей корты жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып.

СҚО-да 400-ге жуық хоккей корты жұмыс істейді

Соңғы екі жылды 194 корт салынды. Сегіз жабық корт Петропавлда және облыстың үш ауданында жұмыс істеп тұр. Бірнеше күн бұрын Есіл ауданының Заградовка ауылында «Прометей» спорт үйі ашылды. Жыл соңына дейін Ақжар ауданының Талшық ауылында тағы да бір жабық корттың құрылысы аяқталады.

Облыс аумағында қазір 209 хоккей кортында мұз қатырылды, ол жалпы спорт нысандарының 55%-ы. Ал қалғандары бойынша жұмыстар бірінші желтоқсанға дейін аяқтау көзделіп отыр. «Жүргізілген талдауға қарасақ, облыста тұрғын саны 250-ден көп елдімекендерде тағы да 27 хоккей кортына сұраныс бары анықталды. Сонымен бірге, Петропавлда 11 корт тұрғындар мен ПИК өтініші бойынша бұзылып, оның орнына жасанды көгалы бар шағын футбол алаңдары жасалған. Өйткені қар еріген кезде жертөлелердің суға толып кету қаупі туындаған», - дейді басқарма басшысы Руслан Есеналин.

Оның айтуынша, қыста облыстағы барлық аудандарда тұрғындар үшін коньки жалға алу бекеттері ашылады. Петропавлда белсенді тұрғындар үшін бес жалға алу орны қарастырылған.
Айта кетерлігі, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 569 мың адам тұрады, оның 166 мыңнан астамы бұқралық спортпен шұғылданады (тұрғындардың 29,4%-ы).