СҚО-да 440-тай адам «Жасыл ел» жасақтарында еңбек етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының «Жасыл ел» жасақтары орман шаруашылықтарында ағаш отырғызады, оларды күтіп-баптайды. Мұндай жұмыс 12 га аумақта атқарылып жатыр.

СҚО-да 440-тай адам  «Жасыл ел» жасақтарында еңбек етуде

Студенттер сонымен қатар, жабайы жануарлар үшін қысқы мерзімге азық дайындайды. Қазір 6 мыңнан астам сабақты жем-шөп әзірледі. 

Одан бөлек, жасылелдіктер орман көлемін мөлшерлеумен айналысады. Жастардың көмегімен 1000 гектардан астам орман көлемі мөлшерленді,  сырғауылдар дайындалды, 3 га астам аумақта қоршау жөнделді.

«Жасыл ел» өкілдері 300 келіден астам қайың тұқымын дайындады, 100 гектардан астам орманды қоқыстан тазартты.  Шамамен 2 км аумақты жинастырды. Өрт қауіпсіздігі мақсатында 5 500 қылқан жапырақты ағаштың бұтақтары кесілді.

Сонымен қатар, студенттер тұқым қоймаларын жөндеуге және дайындауға, орман мекемелерінің аумақтары мен өнеркәсіптік ғимараттарды тазартуға қатысады.  Жасақ мүшелері  мемлекеттік орман қорының 2 000 гектарында жұмыс атқарды.

«Жасыл ел» мүшелері 12 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Белсенділерге жалақы төлеу үшін жергілікті  бюджеттен 9,5 млн теңге бөлінді. Қаражат есебінен 323 жас еңбекпен қамтылды. Тағы 112 жасқа жалақыны Петропавлда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар төлейді.  

null