СҚО-да 49 жастағы ер адам үш аптадан бері табылмай жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 49 жастағы Алексей Егоровке іздеу жарияланды. Сергеевкадан Петропавлға жолға шыққан ер адамнан үш аптадан бері хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алексей Егоров 10 шілде күні Сергеевка қаласынан Петропавлға келуі тиіс болған. Алайда діттеген жеріне жетпеген. Хабарсыз кеткен ер адамға іздеу жарияланды.

Алексей Егоров 1973 жылы 3 тамызда туған. Бойы шамамен 168 см, көк көзді, қою сұр шашты. Білегінде ұлыған қасқырдың тату суреті және қолында тыртығы бар. Сол күні үстінде камуфляж жаздық костюм болған.

Алексей Егоровты көрген-білгендер болса, 8 777 307 9965, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Бұған дейін СҚО-да 59 және 34 жастағы екі ер адамға іздеу жарияланғанын айтқан едік. Рифкат Алимов пен Юрий Молчанов бір күнде жоғалды. Екеуі де Петропавл тұрғындары.

Ал, мамыр айының басында хабарсыз кеткен Сергей Багинскийдің денесі табылды . Ол кісі қолынан мерт болуы мүмкін. Полицияға оның ауылдасы, 43 жастағы ер адам келіп, Багинскийді өлтіргенін айтқан. Күдікті қамауға алынды, тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар