СҚО-да 5 мың маманға әлеуметтік көмек төленбеген
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерінен, құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы 5 мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлеу көзделмеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп жатыр.
Нәтижесінде, қабылданған шаралармен ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқығын қорғауға қол жеткізілді.
Бұған дейін Маңғыстауда Құрық портында салынып жатқан астық терминалының құрылысы аяқталып, қондырғылар сынақтан өткізіліп жатқанын жазған болатынбыз.