СҚО-да 5 мыңнан астам адам баспаналы болады

Солтүстік Қазақстан облысында 5 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсартады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Гауез Нұрмұхамбетов
Фото: СҚО әкімдігі

«Биыл өңірде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Петропавлда бірнеше перспективалы шағын аудандар бой көтеріп, кеңеюде. Қазіргі уақытта «Жас Өркен», «Береке», «Қопай» және «Орталық» шағын аудандарда құрылыстар жалғасуда. Биыл 24 көппәтерлі үй, оның ішінде Петропавлда 22 және аудан орталықтарында 2 тұрғын үйді қолданысқа берілмек. Оның 8-і - бюджет есебінен, 16-сы – коммерциялық. Нәтижесінде 5 мыңнан астам адамның тұрғын үй жағдайы жақсарады», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі бриингте.

Гауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, алдағы жылы 1941 пәтерді қамтитын 26 үй салынады. Оның ішінде Петропавлда 23 үй және аудан орталықтарында 3 үй салынбақ. Үш жылдың ішінде шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.