СҚО-да 67 көп қабатты үйдің тұрғындары пеш жағып, күл шығармайтын болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр көп қабатты 60 үй жылыту жүйесіне қосылса, биыл тағы 67 үйге орталықтан жылу беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында атқарылған жұмыстар жайында есеп беріп, жоспарымен бөлісті.

«Біз ауылдардағы көпқабатты үйлерді орталық жылыту жүйесіне қосу бойынша мақсатты жұмысымызды жалғастырып келеміз. 2020 жылы 60 көпқабатты үй қосылды, онда 2 мыңнан астам адам тұрады.

Биыл біз жылу желілерін қалпына келтіріп, Қызылжар, Ақжар, Айыртау, Мамлют және Есіл аудандарындағы тағы 67 көпқабатты үйді қосамыз. 2 мыңнан астам ауыл тұрғыны қыста пешті жағу және күл шығаруды ұмытады.

Сондай -ақ облыста Саумалкөл, Талшық және Арықбалық ауылдарында жаңа орталық қазандықтар салынды. Новоишим ауылында 7 мың адамды жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандықтың құрылысы басталады», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Әкімнің айтуынша, қазір облыста 684 көпқабатты үй бар, оның 233-і, яғни 34 % орталықтандырылған жылуға қосылған. Бұл жоба келесі жылы да жүзеге асып, тағы бірнеше ондаған үйді жылыту жүйесіне қосу жоспарланған.

Бұған дейін Петропавлда қысқы жылыту маусымына дайындалмаған көп қабатты үйлердің жылыту жүйесіне қосылмауы мүмкін екендігін айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар