СҚО-да 76 мың тонна улы зат ауаға тараған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінде мамандар өткен жылы ауаға қанша және қандай зиянды заттардың тарағанын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 76 мың тонна улы зат ауаға тараған

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, былтыр өңірдегі барлық ластау көздері 1,2 млн тонна улы зат шығарған. Бұл, 2019 жылмен салыстырғанда 0,8% көп.

Зиянды заттардың басым бөлігі тазарту нысандарына түскен, соның нәтижесінде улы заттардың 94% қоршаған ортаға тараған жоқ. Ал қалған 76 мың тоннасы атмосфераға кеткен. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары.

«Тараған зиянды заттардың жалпы көлемінің 68% газтәріздес және сұйық заттар. Соның ішінде 35% күкіртті ангидрид, 23% жуығы құрамында кремний қостотығы, көміртек тотығы және азот диоксиді бар органикалық емес тозаң», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Жалпы СҚО-да ауаға зиянды зат бөлетін 15 056 стационарлық ластау көзі бар. Олар 2 200-ден астам кәсіпорында орналасқан.