СҚО-да ағын суды заңсыз ағызған кәсіпорынға 174 млн теңге айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық кәсіпорынға ағынды суларды заңсыз ағызып жібергені үшін 174 млн теңге айыппұл салынды

деньги
Фото: pexels

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау шеңберінде Петропавл қаласы коммуналдық кәсіпорынның ағын суды заңсыз ағызып жіберу түрінде экологиялық заңнаманың бұзушылықтарын анықтады.

Осыған байланысты, облыстың Экология департаменті прокуратураның талабы негізінде тексеру жүргізді, оның барысында рұқсат беру құжаттамасында көзделмеген ағынды суларды ағызуды жүзеге асыруда көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталды.

Департамент тексеру нәтижелері бойынша Коммуналдық кәсіпорынға анықталған заң бұзуды жою туралы нұсқама беріп, әкімшілік құқық бұзу туралы іс қозғады.

2026 жылғы 14 тамыздағы сот қаулысымен коммуналдық кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-б. 1-б. бойынша 174 млн теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Экологиялық заңнама бұзуды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетелік ШҚО-да экология заңнамасын бұзған кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.