СҚО-да «Әл Фараби - шығыстың көрнекті ұстазы» атты көрме ашылды
Көрмеге ұлы ойшылдың еңбегі мен өмірі жайлы сыр шертетін 100-ге жуық кітап қойылған.
Ондағы құнды еңбектердің бірі - былтыр «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО қолдауымен жарық көрген «Әлем ойшылы» кітаптар топтамасы. Ол 7 томнан тұрады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде басып, шығарылған. Еңбекте әл-Фарабидің математика, философия, музыка және басқа да салалар бойынша зерттеулері жинақталған.
«Кітаптың 1 томы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сөзімен басталады. Президент ұлы ғұламаның жетістіктері мен оның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы туралы жазып, өз қолтаңбасын қалдырған. Біздің көрмеміз жыл соңына дейін жұмыс істейді», - дейді кітапхананың іс-шаралар ұйымдастырушысы Елена Скакунова.
Айта кетсек, әл-Фарабидің мерейтойына орай ашылған көрмені С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадан тамашалауға болады.