СҚО-да ардагерлерге ЭКСПО-2017 көрмесінің 160 билеті сыйға тартылды

Жиында ең үздік қызметкерлер марапатталды.
«Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні меркелерінің бірінің артынан бірі келетіні де жақсы бір нышанның белгісі. Қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күресте ылғи да алдыңғы шепте жүретін тәртіп сақшылары үшін патриотизм, Отанға деген махаббат сияқты ұғымдардың мән-маңызы ерекше. Қашанда ерлік, ар-ұждан мен тәртіптің үлгісі болып келген біздің ардагерлерімізге шын жүректен алғысымды білдіремін»,-деді СҚО ІІД бастығы, генерал-майор Берік Біләлов.
Мерекелік шара барысында 60-қа жуық қызметкер марапатталды. Олардың барлығы да өз қызметтерін мінсіз атқарып, жас мамандарға үлгі болып жүргендер. СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-патруль батальонының командирі Ерлан Мәдиев подполковник шенін мерзімінен бұрын алды. Ол ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Арнайы подполковник атағы Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөлімінің аға инспектор-кезекшісі Олег Янушкинге берілді. Ерлан Мәдиев сияқты ол да ішкі істер органдарында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді.
СҚО-ның ішкі істер органының ардагерлеріне ІІД-нің басшылығы атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне 160 билет сыйға тартылды. Осы күні тәртіп сақшылар қызмет бабында мерт болған әріптестерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.