СҚО-да астаналық сүйіктісінің күйеуін өлтірмек болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында сүйікті әйелінің күйеуін өлтірмек болған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

СҚО-да астаналық сүйіктісінің күйеуін өлтірмек болған

Астана тұрғыны Федор Ромазанов ұзақ уақыт бойы тұрмыстағы Петропавл тұрғынына ғашық болған. Ромазанов сүйіктісін қызғанып, оның күйеуімен тұрғанын қаламаған. Ер адам қылмыс жоспарын құрып, 2017 жылдың 22 қарашасында Петропавлға келеді.

23 қараша күні таңғы сағат бесте медициналық маска мен қолғап киген ол автотұраққа барады. Ол сүйіктісінің күйеуін күтіп тұрады.

Ештеңеден күдіктенбеген ер адам көлігін оталдырып, Ромазановтың машинасын сүйреп берші деген өтініш орындауға кіріседі. Ромазанов машинаға отырып алған соң, алдын ала дайындаған пышағын сілтеп қалады. Алайда ер адам оның соққысына төтеп беріп, жеңіл жарақат алады. Ол машинадан шығып үлгереді.

Ромазанов қашып кетеді. Оны 2017 жылдың 25 қарашасында Астанада ұстайды.
Федор Ромазанов ҚР ҚК «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.