СҚО-да астықтың 75 пайызы жиналды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 16 қыркүйектегі жедел ақпарат бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 3 млн 217 мың га астық алқабының 2 млн 390 мың гектардағы бидайы орылды. Оның 2 млн 166 мың га, немесе 67,3 пайызының астығы бастырылды. Яғни 3 млн 733 мың тонна астық жиналды, түсім орташа алғанда 17,2 ц/га.
Сонымен қатар, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ тары мен астықты сатып алу бағасын жария етті. Тұтқырлығы 26-27% 3 сныпыты астықтың тоннасы 50 мың теңге, төртінші сыныпты бидайға 34-36 мың теңге, бесінші сыныбына - 30 мыңнан беріледі.
Отандық компаниямен облыстың 128 ауыл шаруашылық өндірушісі 2,5 млрд теңгенің келісімшартын жасасқан.