СҚО-да аудан тұрғындары үшін алғашқы «Ашық әкімдік» жұмыс істей бастады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің «Ашық әкімдік» жобасымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласы әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы 2017 жылдан жұмыс істеп келеді. Өңір аудандарында жобаға қосылған әзірше Шал ақын әкімдігі ғана.

«Фронт-офис тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалған. Жоғары қабатта отырған мамандарды бірінші қабатқа түсірдік. Бұл жерде олар кеңес береді, құжаттарды қабылдайды. Кіреберісте кеңсенің кеңесшісі тұрады. Ал апта сайын офисте аудан әкімінің орынбасары қабылдау жүргізеді», - деді Шал ақын ауданының әкімі Нұрлан Есімов.
null

Кеңседе сондай-ақ балалардың ойын бұрышы, күтуге арналған теледидары бар зал, су және тегін Wi-fi бар. Ашық әкімдік жұмысына тұрғындар өз бағасын берді.

«Ауданда 3 мыңнан астам зейнеткер және жүріп-тұруы қиын мүгедек бар. Бұл өзгеріс оларға мемлекеттік қызметті алуды жеңілдетіп отыр», - деді ауданның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалин.

Мамандардың айтуынша, енді жартылай босаған ғимаратқа Сергеевка қаласы әкімдігінің аппараты көшеді. Нәтижесінде 600 мың теңге бюджет қаражаты үнемделмек. Бұл - ғимаратты бір жылға жалға алу сомасы.

«Бұл жобаның аудандық деңгейде жүзеге асуы «Халық үшін мемлекет» қағидаты бойынша сервистік мемлекет құруда маңызы зор. Мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Қызмет көрсетушілер алдымен халықтың мұқтажына бейімделіп, сәйкес дресс-кодты сақтаулары керек», - деді Агенттік төрағасы.

Алик Шпекбаев аудан әкімі аппаратына «Ашық әкімдік» жобасын ауданда енгізгендері үшін алғыс білдірді. Өйткені жоба халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады.

null

Соңғы жаңалықтар