СҚО-да ауыл әкімі пара алғаны үшін жазаланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да ауыл әкімі пара алғаны үшін жазаланды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі жергілікті кәсіпкерден сыйақы талап еткен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, кәсіпкер наурыз айының соңында ауыл әкімінен кәсіпкерлікке қажетті жер телімін сұраған.

«Әкімдіктің қызметкері өзінің өкілеттілігіне сәйкес, кәсіпкерге жер теліміні уақытша ақылы пайдалану құқығын беруге құзыреті жоқ екендігін білген. Бұл құқыққа тек аудандық жер комиссиясы ие. Ол лауазымын пайдаланып, кәсіпкердің жер телімін алуына ықпал еткен. Кәсіпкерден осы қызметі үшін ақша беруін талап еткен», - деді баспасөз қызметінен.

Соттың шешімімен мемлекеттік қызметшіге пара көлемінен 50 есе көп айыппұл салынды.