СҚО-да аязға байланысты жолдар жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты аязға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО-да аязға байланысты жолдар жабық

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметінше, қазіргі уақытта СҚО-да дизельдік отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін жолға шығуға шектеу бар. Еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 3 күнде аяз күшейеді. «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Карск теңізінен арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, аяздың күшеюіне себеп болды. Алдағы үш тәулікте 5-15º С климаттық нормадан төмен температурамен аяз оңтүстік-шығыс бағытқа араласып, біртіндеп Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Аязға қалың қар мен боран қосылады. Бұл ауа райын күрделендіре түспек.