СҚО-да Азиада жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табысталды

спорт
Фото: СҚО әкімі баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысынан Қытайда өткен Азия ойындарына 7 спортшы қатысса, соның үшеуі ел қоржынын алтын, күміс және 2 қола медальмен толтырды. Бүгін жүлдегерлерді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, ақшалай сыйақы тапсырды, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыста велошабандоз Алексей Луценко алтын және күміс жүлде алса, велотрекші Артем Захаров және боксшы Наталья Богданова қола медальді иеленді.

«Облыстан барған жеті спортшы жақсы нәтиже көрсете білді. Жалпы біздің облыс велоспорттан көш бастап тұрған өңірлердің бір. Оның бірден-бір дәлелі - Александр Винокуров пен оның жолын қуған Алексей Луценко. Азия ойындарында жақсы өнер көрсеткен спортшыларымызға Парижде өтетін олимпиадада үздік болуларына тілектеспін», - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

спорт
Фото: СҚО әкімі баспасөз қызметі

Өңір басшысы спортшылар мен олардың бапкерлерін құттықтап, алғыс хат пен ақшалай сыйақы берді.

Ел қоржынына бесінші алтын медальді салған Алексей Луценко 1,5 млн теңгенің сертификатын, қола жүлдеге ие болған Артем Захаров пен Наталья Богданова 750 мың теңге сыйақы алды.

спорт
Фото: СҚО әкімі баспасөз қызметі

«Мәреге соңғы шақырымдар қалғанда Евгений Федоровқа жол беруді шештім. Себебі, ол әлі жас. Әрі өте мықты спортшы. Былтыр жастар арасында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Екеуміз бірге жаттығамыз. Дайындық барысында жеңіске деген құлшынысын көрдім. Алтын жүлдеге әбден лайық. Сол себепті оған жол беріп, мәре сызығынан екінші болып өтуді шештім», - дейді Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Луценко.

спорт
Фото: СҚО әкімі баспасөз қызметі

 

Спортшылардың бапкерлеріне 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Соңғы жаңалықтар