СҚО-да азық-түлік бағасы бір жылда қалай өзгерді

азық-түлік қауіпсіздігі
Коллаж: Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында қаңтарда инфляция жылдық есептеумен алғанда 9,5% құрады.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда бір жылда ең көп, яғни 12,7% ақылы қызметтер өскен. Екінші орында 8,8% азық-түлік тауарлары қымбаттаған, ал азық-түлік емес тауарлар бағасы 8% артқан. 

Мәселен бір жылдың ішінде жұмыртқа – 16,6%, жемістер – 12,3, макарон және кондитер өнімдері – 7,8% қымбаттаған.

Ал күріштің бағасы 30,9% өссе, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне бағалар өсімі 18,5% құрады. Жас көкөністерге баға 1%, соның ішінде қырыққабатқа – 20,7, сәбізге – 25, қызанаққа – 6% артқан.

Бағасы арзандаған тауарлардың ішінде көшті пияз бастап тұр, өнім бағасы 19% төмендеді. Жармалар - 12,9%, картоп - 1,7%, өсімдік майы – 14,3%, қант – 13,2% арзандады.

Азық-түлік емес тауарларға тоқталар болсақ, приборлар және жеке басқа арналған тауарлар бағасы – 19,9%, фармацевтикалық өнімдер – 10,4%, киім және аяқ киім – 9,7% өскен.

АИ-95, АИ-96 маркалы бензин 15,4% қымбаттады. Көмір, өткен жылмен салыстырғанда, 6,8% өсті.

Жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 20,9%, автосақтандыру – 7% қымбаттады. Темір жол көлігі қызметтерінің бағасы 10,7% көтерілді.

Нотариус қызметтерінің бағасы 7% өсті.

Соңғы жаңалықтар