СҚО-да Азық-түлік келісім шарт корпорациясының өңірлік директоры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аманжол Еңсегенов облыстық «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның директоры болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін облысы әкiмдiгiнде өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жария етілді.

СҚО-да Азық-түлік келісім шарт корпорациясының өңірлік директоры тағайындалды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азық-түлiк келiсiм шарт директорының 2016 жылдың 4 қазанындағы бұйрығымен Солтүстiк Қазақстан облыстық «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның директоры болып 2016 жылдың 5 қазанында Аманжол Неғметжанұлы Еңсегенов тағайындалды.

Еске сала кетсек, Аманжол Еңсегенов «Солтүстiк Қазақстан мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас директорының орынбасары қызметiн атқарған.